Аякөз ауданы әкімдігі: Айғыз ауылының ауыз су мәселесі тамызға дейін шешіледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Аякөз ауданы әкімдігі: Айғыз ауылының ауыз су мәселесі тамызға дейін шешіледі

Аякөз ауданы әкімдігі: Айғыз ауылының ауыз су мәселесі тамызға дейін шешіледі
Фото: ашық дереккөздерден

Бұған дейін біз Абай облысы, Аягөз ауданына қарасты Айғыз ауылы туралы жазғанбыз. Онда тұрғындарының шағымы бойынша елді мекендегі ауыз су мәселесінің шешілмей келе жатқанына алаңдаушылық білдірген едік.

Ауыз су мәселесі туралы шу жария болғаннан кейін жергілікті шенеуніктердің тарапынан әрекет жасалғанға ұқсайды. Ауылға Аякөз ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жолдыбекұлы арнайы келіп, қирап жатқан ауыз су жүйесін көзбен көрген. Ауыл тұрғындары әкім орынбасарымен бет-бет кездесіп, аудандық деңгейдегі басшылардың арызға құлақ түріп, жағдайды бақылауға алғандарына риза болып тараған көрінеді.

Ал әкімнің орынбасары халыққа уәде беріп, бұзылған су жинау қондырғысын алдағы тамыз айына дейін жөндеп, қалпына келтірілетінін айтқан. Мәселе Аякөз ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Айбек Нұғымаровтың тікелей назарында екен.

Айта кетейік, Айғыз ауылындағы су сақтайтын мұнара биылғы 16 сәуірде құлап қалған болатын. Содан бері мұнараны уақытша жөндеу жасалғанымен, жүйенің тұрғындарды толықтай ауыз сумен қамтуға күші жетпей тұрған еді.

Айтпақшы, ауыл тұрғындарының айтуынша, аудан әкімдігі тарапынан Айғыз ауылдық округінің әкімі Мереке Сыдықовқа қатаң ескерту жасалып, ел-жұрттың журналистерге шағымданғанына жол бергені үшін қызметтік ескерту берілетіндігі жөнінде әңгіме көтеріліп жатқанға ұқсайды. Тақырыпқа ораламыз.

Автор
Гүлжан Амангелдіқызы

журналист-жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Арай +» телеарнасында, «Қазақстан - Атырау» телеарнасында редактор, «Жетісу Университеті», «Нұрлы өлке» газеттерінде тілші және Baq.kz, Inbusiness.kz, El.kz ақпараттық порталдарында фрилансер болған.