Кино басталды: Джеки Чан "Құдай сауытын" қайта киді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Абай облысындағы Айғыз ауылы ауыз сусыз отыр

Абай облысындағы Айғыз ауылы ауыз сусыз отыр
Фото: ашық дереккөздерден

Абай облысы, Аягөз ауданына қарасты Айғыз ауылының тұрғындары ауыз су мәселесінің шешілмей келе жатқанына алаңдаулы, деп хабарлайды kznews.kz.

Ауылдағы су сақтайтын мұнара биылғы 16 сәуірде құлап, содан бері жүйе уақытша жамалған жөндеуге сүйеніп, жұмыс істеп тұр екен.

Тұрғындардың айтуынша, қазір ауылға су беру тұрақсыз. Бірде су келсе, бірде тоқтап қалады. Таңертең ағатын су кешке дейін жетпей, халық тұрмыстық қажеттілігін өтеуде қиындық көріп отыр.

— Ауылымыздағы су мұнарасы құлағаннан бері мәселе толық шешілген жоқ. Әр жолы жамап-жасқап, уақытша амал жасап келеді. Бірақ, бұл ұзақ мерзімді шешім емес. Ауыз су – халықтың ең негізгі қажеттілігі. Бұл мәселе тез арада қолға алынуы керек, — дейді ауыл тұрғыны Амантай Биахметов.

Тұрғындар өздерінің өтініштерін Аягөз ауданы әкімдігіне және аудандық мәслихат төрағасы Архат Ибрайшинге бірнеше рет жеткізгенін айтады. Алайда, әзірге нақты нәтиже болмай отыр.

Бүгінде Айғыз ауылында 1 200-ден астам тұрғын, 300-ге жуық түтін бар. Сондықтан ауыз су жүйесін қалпына келтіру немесе жаңа су нысанын салу кейінге қалдыруға болмайтын мәселе екені анық.

Ауыл тұрғындары Аягөз ауданы әкімінің міндетін атқарушы Айбек Нұғымаровтың осы мәселеге назар аударып, нақты шешім қабылдауын сұрап отыр. Тіпті, жұрттың жанайқайы облыс әкімі Берік Уәлиге жетсе екен дейді.

Жалпы, ауыз су кез келген ауылдың қалыпты тіршілігінің негізі. Айғыздағы бұл мәселе уақытша жөндеумен емес, түбегейлі шешіммен аяқталуы қажет.

Автор
Гүлжан Амангелдіқызы

журналист-жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Арай +» телеарнасында, «Қазақстан - Атырау» телеарнасында редактор, «Жетісу Университеті», «Нұрлы өлке» газеттерінде тілші және Baq.kz, Inbusiness.kz, El.kz ақпараттық порталдарында фрилансер болған.