“Ноталық сауаты жоқ”: Марат Омаров Нұрлан Өнербаевқа өкпелі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“17 жыл күткен қуаныш”: Жахан Отарғалиев қуанышы мен қиындығымен бөлісті

“17 жыл күткен қуаныш”: Жахан Отарғалиев қуанышы мен қиындығымен бөлісті
Фото: видеодан скриншот

Актердің сөзінше, ол бұл сәтті 17 жыл күткен. Сәбидің жүрек соғысын алғаш естігенде ерекше қуанып, күн сайын үйіне асыққан. Тіпті қуанышын айналасындағылармен бөлісуге асыққанын жасырмады.

Актер әрі продюсер Жахан Отарғалиев көп жылдан бері күткен әкелік қуанышы туралы жазба жариялады. Өнер иесі екі ай бойы өзін бақытты сезінгенін, алайда бұл сезімнің ұзаққа созылмағанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

«Осы сәтті 17 жыл күттім. Екі ай өзімді шын бақытты сезіндім. Екі ай бойы үйге асығып жүрдім. Жүрегінің соғысын естіген кезде тіпті бақытты болдым. Біреуге айтқым келеді, көшеде көрген адамнан сүйінші сұрағым келеді. Бірақ ұзаққа созылмады», – деді ол.

Соған қарамастан Жахан Отарғалиев үмітін үзбейтінін айтып, барлығына шүкіршілік ететінін жеткізді.

«Сонда да Аллаға шүкір. Үмітімізді үзбейміз. Өнер адамдарының басында мәселе жоқ деп ойлайды, бірақ осылай», – деді актер.

Айта кетейік, бұған дейін де өнер иесі әке атануды көп жылдан бері армандап жүргенін айтқан еді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.