Жамбыл облысында аш сарбаздардың видеосына қатысты тың деректер пайда болды

0
368

Жамбыл облысында жергілікті бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жатқандардың жағдайы қызу талқыға түсті. Желіде сарбаздардың түскі ас пен кешкі асқа шағымданып жатқаны айтылатын видео таралды. Оларға тағам ретінде берілетін сорпасы ботқа іспеттес. Сондай-ақ, тамақ бәріне жетпейтін көрінеді. Осыған байланысты арнайы комиссия оқиға орнына аттанған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Видеода сарбаздар өздеріне берілетін шұжық пен ірімшіктің 17 адамға аз екенін айтады. Сорпаны әдетте табақтан қырып алып ішу керек. Сүт атымен жоқ. Оларға сүт беру тиісті емес деген жауап еститін сыңайлы.

Алайда белгілі болғандай, бұл жазба екі жыл бұрын түсірілген болып шықты. Содан бері мекеменің тамақтану қалпы реттелген. Қорғаныс министрлігі мұндай қиындықтар әлі де болып тұратынын айтып өтті.  Сөздерінше, мұның бәрі әскери бөлімдерді тамақпен қамтамасыз ету конкурсында жеңіске жеткен жауапкершілігі жоқ ұйымдардың кесірі.

 

«Сапасыз қызмет көрсету жағдайлары орын алуда екені өкінішті. Әрбір факті бойынша іс жүргізіліп, тиісті талаптар қойылады. Аталған факті бойынша 2019 жылы тиісті жұмыстар уақтылы жүргізілді. Луговой гарнизонында тамақтану мәселесі шешілді», – дейді ҚР ҚМ Ақпарат және коммуникациялар департаментінің өкілі Ғани Нүсіпов.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету