WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Салтанат Нүкенованың бауыры Бақытжан Байжановтың босатылуына қатысты пікір білдірді

Салтанат Нүкенованың бауыры Бақытжан Байжановтың босатылуына қатысты пікір білдірді
Фото-коллаж: kznews.kz

Айтбек Амангелді 22 шілдеде бостандыққа шыққан Бақытжан Байжановтың босатылуына қатысты пікір білдірді. Ол өз ұстанымын Instagram желісіндегі stories бөлімінде жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Амангелдінің айтуынша, отбасының адвокаттары бұл мәселені зерттеп, қабылданған шешімге ықпал етудің заңды жолы жоқ деген қорытындыға келген. Сондай-ақ ол белгіленген тәртіпке сәйкес, рақымшылық қолдану туралы мәселе жәбірленуші тараптың қатысуынсыз қаралғанын атап өтті.

"Рақымшылық – кінәсіз деген сөз емес"

Айтбек Амангелді Бақытжан Байжановтың бостандыққа шығуы оның кінәсіз деп танылғанын білдірмейтінін айтты.

"Рақымшылық – "кінәсіз" деген сөз емес. Рақымшылық сот үкімінің күшін жоймайды, адамды кінәсіз деп танымайды және сот анықтаған кінәні жоққа шығармайды. Байжанов алты жыл бойы пробациялық бақылауда болады және қылмыс жасаған адам ретінде қала береді", – деп жазды ол.

Кейін Амангелді бейнеүндеу жариялап, отбасы мүшелері мен адвокаттардың жағдайды жан-жақты талқылағанын жеткізді.

"Біз бұл жағдайға ешқандай ықпал ете алмаймыз. Кассациялық сатыда біз жеңіске жеттік. Оның кассациядағы мақсаты өзін кінәсіз деп таныту еді. Бірақ олай болған жоқ. Оның соттылығы сақталады. Ол – қылмыс жасаған адам", – деді Айтбек Амангелді.

Ол болған жағдайды қабылдау өзіне ауыр екенін жасырмады. Дегенмен қазіргі уақытта бұл мәселені жабық деп санайтынын айтты.

Байжанов рақымшылық негізінде босатылды

Еске салайық, Бақытжан Байжанов 22 шілдеде рақымшылық туралы заңды қолдану жөніндегі сот қаулысының негізінде бостандыққа шықты.

Сот түзеу мекемесі әкімшілігінің ұсынысын қанағаттандырып, жазасының өтелмеген бөлігін қысқартты және сотталған адамды дереу босату туралы шешім шығарды. Бостандыққа шыққаннан кейін Бақытжан Байжановқа алты жыл мерзімге әкімшілік қадағалау белгіленді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер