Өмір бойына сотталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдыры белгілі болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Көлік сыйлап, қайта алып кетті”: Ернар Айдардың ұят әрекеті әшкере болды

“Көлік сыйлап, қайта алып кетті”: Ернар Айдардың ұят әрекеті әшкере болды
Фото: әлеуметтік желіден

Әнші Қарлығаш Сұлтанша кезінде орындаушы Ернар Айдардың жұбайы, композитор Қуанышқа сыйлаған автокөлікті кейіннен қайта алып кеткенін айтты. Бұл туралы ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz MadeniPortal.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесінің айтуынша, Ернар Айдар шығармашылық жолының басында олардың шаңырағында төрт жыл бойы тұрған. Сол уақытта Қуаныштың қасында жүріп, ән айту мен сахна өнерінің қыр-сырын меңгерген.

«Ол кезде Ернар: “Ұстазым, тойға тұрақты шыға бастасам, сізге міндетті түрде “570” көлігін мінгіземін” деп уәде берген еді. Кейін Қуанышқа Pajero автокөлігін сыйлады. Бірақ арада біраз уақыт өткен соң, сол көлікті қайта алып кетті», – деді Қарлығаш Сұлтанша.

Әншінің сөзінше, осы жағдайдан кейін ол жолдасына мұндай мәселеде ешкімнің уәдесіне сенбей, еңбектің ақысын бірден есептесіп отырған дұрыс екенін айтқан.

Сондай-ақ Қарлығаш Сұлтанша Ернар Айдардың концертінде ұстазына тек шапан жабылғаннан кейін әлеуметтік желі қолданушыларының да түрлі пікір білдіргенін еске алды. Олардың арасында ұстазына бұдан да үлкен құрмет көрсетілуі керек еді деген пікірлер болған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.