WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Төрт жылдық текетірес: сақалды құрылысты аяқтауға Сұлтанғазиевтің шамасы жете ме?

Төрт жылдық текетірес: сақалды құрылысты аяқтауға Сұлтанғазиевтің шамасы жете ме?
Фотоиллюстрация: Kznews.kz

Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Нұра ауылында орналасқан №12 орта мектептің құрылысы 4 жылдан бері аяқталар емес.

Ресми мәлімет бойынша мердігердің салғырттығынан күрделі жөндеу жұмыстары сағызша созылып кеткен көрінеді. Мұның зардабын жергілікті тұрғындар тартып отыр. Өйткені, осы уақыт аралығында мыңға жуық оқушы ауылдағы Мәдениет үйінде, әкімдік ғимаратында және көрші ауылдағы мектептерге қатынап оқуға мәжбүр болған.

Ал ауылдағы ағайынның шағымданбаған жері қалмаған сияқты. Ауыл, аудан әкімдерінен күдер үзген тұрғындар Алматы облысының әкіміне бірнеше рет хат жолдаған екен. Ал облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев кеше ғана Нұра ауылына баруға уақыт тапты. Қысқасы, облыс блыс әкімі Марат Сұлтанғазиев білім ошағына арнайы барып, құрылыс барысын көзбен көріп, жағасын ұстап қайтқан көрінеді.

Ақиқатында, Нұра ауылындағы бұл мектеп 1969 жылы салынған. Әбден тозығы жеткен ғимарат алғаш рет 2022 жылы күрделі жөндеуден өтуге жабылған. Құрылыс жұмысын бастапқыда "Sheberbuld" ЖШС жүргізген. Кейін компания жосықсыз деп танылып, өткен жылдың қыркүйегінде нысан "Еңбек Өскемен" компаниясына тапсырылыпты. Жаңа мердігер мектепті биыл маусым айында пайдалануға беруі тиіс еді. Бірақ, құрылыс әлі аяқталмаған. Қазіргі таңда екі мердігердің де ісі сотқа жолданып, қомақты айыппұл салынған. Ал "Еңбек Өскемен" ЖШС-ның өкілі алдыңғы мердігердің кем-кетігін түзетеміз деп уақыт жоғалттық дейді.

Нысандағы ахуалмен танысқан аймақ басшысы жұмыстың бұлай созбаққа салынуын қатаң сынға алды.

– "Еңбек Өскемен" компаниясына сенім артып, ғимаратты тапсырдық. Құрылысқа да, материалдарға да қажетті қаржы толық бөлінген. Оқу жылының басталуына аз ғана уақыт қалды. Ал атқарылған жұмыс көңілге қонымсыз. Бұл мәселені шұғыл шешу керек. Қыркүйекке дейін құрылыс толық аяқталуы тиіс, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Сонымен қатар ол қажет болған жағдайда мердігерді ауыстыру мәселесін қарастырып, Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне құжаттарды жіберуді тапсырды. Жауапты мемлекеттік органдарға жұмыс барысын күнделікті қадағалап, бұл іске селқос қараған компанияларды қатаң жазалау керегін жеткізді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын қоғамдық бақылауға белсенді қатысуға шақырды.

Жалпы, бұл мәселе Марат Сұлтанғазиевтің Алматы облысына әкім болып тағайындалған кезінен бері шешімін таппай келе жатқан көп жағдайдың бір мысалы ғана. 

Ал жаңа оқу жылының басталуына бір айға жуық уақыт қалғанда қозғалған аймақ басшысы жақын күндері мектеп құрылысының толықтай аяқталатына өзі де сенбейтін сияқты. Өйткені, жөндеу жұмыстарының қарқыны әлі төмен екен. Енді оған құзырлы органдардың тексеруі қосылса, мердігердің мүмкіндігі шектеле түседі деген қауіп бар екен. Қалай болғанда да нұралық оқушылар мен ата-аналар тағы бір тоқсан шыдай тұратын шығар...

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.