«Тергеуді жария ету мүмкін емес»: Мәсімовтің сыбайластары анықталды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің «мемлекетке опасыздық жасау» ісі бойынша сыбайластары болуы мүмкін адамдардың саны төртке жетті, деп хабарлайды kznews.kz сайты kaztag.kz агенттігіне сілтеме жасап.
«ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алу әрекеті бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр. Бүгінге дейін ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы мен оның екі орынбасары қамауға алынды. Қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен ҰҚК «А» арнайы қызметі директорының бірінші орынбасары мен осы қызмет жөніндегі орталықтың басшысы ұсталды. Қылмыстық іс «өте құпия» санатына жатқызылғандықтан, ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін тергеудің егжей-тегжейлерін жария ету мүмкін емес», — деді Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров дүйсенбі күнгі брифингте.