7 трлн теңгенің жыры: Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

7 трлн теңгенің жыры: Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды

7 трлн теңгенің жыры: Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды
Фото: tengrinews.kz

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін Берік Шолпанқұлов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “7 трлн теңге қазақстандық банк арқылы шетелге заңсыз аударылғаны туралы” сөзіне пікір білдірген. Ол мұнша сома бір сәтте аударылуы мүмкін емес деп пікір айтты.

Ақорданың ресми хабарламасында Берік Шолпанқұловтың қызметтен кететіні туралы өзі өтініш берген.

Естеріңізге сала кетейік президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров бұл пікірге орай түсініктеме берді. Ол өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменін нақтылап, Мемлекет басшысы тексерілмеген ақпаратты айтпайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, егер Президент 7 трлн теңге көлемінде транзакциялар болғанын айтса, демек, мұндай операциялар шынымен орын алғаны анық.

Сондай-ақ, баспасөз хатшысы бұл ақпараттың ашық талқылауға арналмағанын да атап өтті. Яғни, аталған мәлімет қызметтік сипатта болған.

– Президент саяси және дипломатиялық әдепке байланысты транзакция жасалған қаражаттың қай елден келгенін, қай елге жіберілгенін, сондай-ақ операцияны жүзеге асырған банктің атауын әдейі жарияламаған.Бұл жерде негізгі мәселе 7 трлн теңгенің табиғатын қалай түсіндіруде, – деді Айбек Смадияров.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.