Танымал әнші Еркін Нүржанов желідегі парақшасында сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол оқырмандарын Рамазан айымен құттықтап, өзінің қызды болғанын хабарлады.
"Рамазан айы құтты болсын. Жеткенде шүкір Алла шын асылға, Еркін балаң сүйінші сұрасын да. Ей жақсылар, сүйінші! Қызды болдым, Рамазанның алғашқы жұмасында. Аллаға шүкір", - деді өнер иесі.
Желі қолданушылары әншіні құттықтап ақ тілектерін жаудырды.
"Бауы берік болсын! Керемет жаңалық!", "Өмірі ұзақ болсын", "Құдай бергенінен танбасын!", "Салихалы ұрпақтан болсын!", - деп жазды оқырмандар.