7 трлн теңгенің жыры: Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Газ тиеген жүк көлігі апатқа ұшырап, қала ортасында үлкен жарылыс болды

Газ тиеген жүк көлігі апатқа ұшырап, қала ортасында үлкен жарылыс болды
Газ тасымалдаған жүк көлігі жол апатына түскен сәт. Фото: Бейнежазбадан кескін

Чилидің астанасы Сантьяго маңында сұйытылған газ тасымалдаған жүк көлігі жол апатына түсіп, артынша жарылыс пен ірі өртке ұласқан. Ресми мәлімет бойынша, 4 адам қаза тауып, 17 адам жарақат алған. Оқиға 19 ақпан күні таңертең ірі тасжол бойында болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала деректерге сүйенсек, соқтығысудан кейін газ сыртқа шығып, ауаны қою бұлттай тұмшалап кеткен. Көп ұзамай от тұтанып, күшті жарылыс болып, жалын айналаны шарпыған.

Оқиға орнына құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жедел жетіп, аумақты қоршауға алған. Жараланғандардың бірқатары ауыр жағдайда екені айтылады.

Жарылыстың салдарынан маңайындағы 50-ден аса көлік зақымданған. Қазір оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр, болжамдардың бірі ретінде жылдамдықты асыру ықтималдығы да қарастырылуда.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер