Шойгу төңкеріс жасап Путинді тақтан тайдырмақ

0

1) Шойгу шынымен де мем.төңкеріс жасамақшы ма? Жоқ. Бұл АҚШ тарапынан ақпараттық соғыстың бір түрі. Осындай сыбыс жіберу арқылы олар Путиннің айналасындағылар бір-бірінен сескеніп жүрсін, бір-біріне сенбесін деп әдейі таратады. Ескі әдіс, бірақ өте эффектілі. Осының өзі РФ басшылығы арасында алауыздық туғызады.

2) Польшаның Украинаға жойғыш ұшақтар бермей қалғаны рас па? Ия, рас. Польшада СССР-ден қалған МиГтер бар екен, енді онысын Украинаға берсе өздері дымсыз қалады екен. Сондықтан да АҚШ оларға F-16 ұшағын беретін болып жатыр. Ал оны бірден меңгеріп кететін ұшқыштар Украинада жеткілікті.

3) НАТО неге Украина аспанын қорғамайды? Себебі мұндай жағдайда оларға РФ ұшақтарын атып түсіруге тура келеді, ал бұл дүниежүзілік соғысқа алып келеді. Қазіргі соғыс қанша дегенмен де аумақтық соғыс қана, тек РФ мен Укр. арасындағы соғыс. Путин қазір сыныққа сылтау іздеп отыр, НАТО-мен арада соғыс басталса ол сөзсіз ядролық қару қолданады, бұл ешкімге де тиімді емес.

4) РФ Батыстан Укр. қаруландыруды тоқтатуды талап етіп жатыр. Әсіресе стингерлерді беруге қарсы. Яғни Ук. стингерлерді беруді көбейту керек. Жалпы Укр. қару-жарақ 24 елден үздіксіз жеткізіліп жатыр (Польшаға дейін ұшақпен, әрі қарай фургонмен).

5) Ресейлік Альфа-банк қазір украиндық банк. Украина Ұлттық банкі сондай шешім қабылдады. Оған Альфа-банктің құрылтайшылар кеңесі жақтап дауыс берген. Біздегі Альфа-банк құрылтайшыларының құлағына алтын сырға.

6) Қытай: бұрынғы экс-СССР елдерімен сауда жасауға арнайы құрылған екі мем. банкі РФ-дан мұнай импорттауды кредиттеуден бас тартты, оларға ЕО-мен, АҚШ-пен проблеманың қажеті жоқ. Сондай-ақ Қытай Еуропаға жүктерін РФ арқылы тасымалдауды тоқтатты. Жасасын Ақтау теңіз порты!

7) Егер Батыс Иранмен ядролық келісімге келсе, онда Иран нарыққа күніге бір млн баррель мұнай беріп тұра алады.

8 ) Байденнің Сауд Арабиясына визиті дайындалып жатыр. Ол СА ОПЕК келісімінен шығып нарыққа мұнайды көбірек беруге үгіттемекші.

9) АҚШ Венесуэламен келіссөз жүргізіп жатыр. Нарыққа РФ мұнайының орнына Венесуэла мұнайын шығармақшы. Венесуэлаға онсыз да құрып бара жатқан РФ-мен дос болған дұрыс па әлде АҚШ-пен келісімге келіп санкциядан құтылғаны дұрыс па? Басшыларының миы әзірге су болып кете қоймаған шығар деп үміттенемін.

10) РФ-ның кезінде Берлинді алған деп мақтанатын атақты 150-ші дивизиясының Украинада тас-талқаны шықты.

Қуаныш ЕДІЛХАНТЕГІ