ка

Ермек Көшербаев Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды

14.02.2025 15:57
0
5
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылғы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген. C.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1982-1988) Тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1991-04.1993) халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады, дипломат. Қазақ, орыс, ағылшын, корей тілдерін меңгерген Мансап ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы (08.1988-09.1988); Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің көмекшісі (09.1988-10.1989); Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің баспа және ақпарат бөлімінің бірінші хатшысы (11.1989-06.1990); Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің консулдық бөлімінің бірінші хатшысы (06.1990-09.1991); Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Азия елдері басқармасының бірінші хатшысы (05.1993-08.1993); Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы (08.1993-12.1993); Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім меңгерушісі (12.1993-06.1994); Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты (06.1994-01.1996); Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы (01.1996-04.1996); Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Швейцария Конфедерациясы Берн қ. (04.1996-08.1997); Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы (08.1997-10.1997); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі (10.1997-11.1999); «Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» қоғамдық қорының коммерциялық және жалпы сұрақтар бойынша директорының орынбасары (01.2000-05.2000); «Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» қоғамдық қоры директорының бірінші орынбасары (05.2000-10.2000); «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы жабық акционерлік қоғамының баспасөз қызметінің басшысы (10.2000-01.2001); «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы жабық акционерлік қоғамының президент аппаратының басшысы (01.2001-06.2001); «Мұнай мен газ тасымалы» Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының аппарат басшысы (06.2001-03.2002); «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының президент аппаратының басшысы (03.2002-01.2003); «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының бірінші вице-президент кеңесшісі (01.2003-03.2003); «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының президент аппаратының басшысы (01.2003-12.2003); «Рауан Медиа Групп» акционерлік қоғамының бас директоры (12.2003-05.2004); «Отан» Республикалық саяси партиясының орталық аппарат басшысының бірінші орынбасары (05.2004-08.2004); «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының президент аппаратының басшысы (08.2004-04.2005); «Атамекен жалпыұлттық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директорының бірінші орынбасары (04.2005-05.2006); «Отан» Республикалық саяси партиясының орталық аппарат басшысы (05.2006-02.2007); «Беркут» қаржы өнеркәсіп тобы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Астана қ. (02.2007-07.2007); «KazEnergy» Қазақстандық мұнайгаз және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының атқарушы директоры, Астана қ. (11.2007-04.2008); «Рауан Медиа Групп» АҚ-ның бас продюсері, Астана қ. (04.2008-05.2008); «Рауан Медиа Групп» АҚ-ның бас директоры, Астана қ. (05.2008-02.2009); «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Семей қ. (02.2009-07.2010); Шығыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы (07.2010-09.2010); Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (09.2010-10.2012); Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (10.2012-12.2014); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі (12.2014-10.2016); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы (10.2016-05.2018); Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы (05.2018-01.2019); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (01.2019-01.2020); Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.2020-16.06.2023); 2023 жылғы 16 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі. Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрмет атақтары: «Құрмет» Ордені (12.2018) Осыған дейін Тамара Дүйсенованың Президент көмекшісі қызметіне тағайындалғанын хабарладық.  
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий