Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Өскеменнің экс-әкіміне сот үкімі шықты

Өскеменнің экс-әкіміне сот үкімі шықты
Фото: әлеуметтік желіден

Сот Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омарға 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жазасын ол орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Прокурор 6 жылға соттауды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салуды сұраған. Ал қорғау тарапы бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінген.

Жақсылық Омар алаяқтық және пара алу бойынша кінәлі деп танылды. Әңгіме оның Өскемен қаласының әкімі және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған кезеңі туралы болып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, эпизодтардың бірі шамамен 13 млн теңге тұратын 2021 жылғы Toyota Camry автокөлігін материалдық көмек ретінде рәсімдеу арқылы алғанымен байланысты. Кейін көлік үшінші тұлғаға рәсімделіп, одан да жаңа көлікке айырбасталған.

Екінші эпизодта, тергеу мәліметінше, Омар әкімдік қызметкеріне 20 млн теңге беруді ұсынған. Қызметкер ҰҚК-ге жүгінген, содан кейінгі әрекеттер күштік құрылымдардың бақылауымен өткен. Нәтижесінде делдал арқылы 6 млн теңге берілген, оның 5,6 млн теңгесі ұсталған кезде тәркіленген. Іс жеделдетілген тәртіпте қаралды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі