Мәскеу – Челябинск бағыты бойынша қатынаған жолаушылар пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ресей темір жолдарының мәліметінше, оқиға 3 сәуір күні таңертең Бряндино станциясы маңында болған. №302 пойыздың жеті вагоны жолдан шығып кеткен.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Оқиға орнына жедел қызметтер жіберіліп, теміржол учаскесіндегі қозғалыс уақытша тоқтатылған.
Апат салдарын жою үшін Ульяновск, Бугульма, Сызрань және Рузаевка станцияларынан арнайы қалпына келтіру пойыздары жөнелтілді.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Осыған байланысты компания басшысы Олег Белозеров жетекшілік ететін жедел штаб құрылды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендердің арасында бір бала бар. Пойызда жалпы 415 жолаушы болған, олардың арасында спорттық секциялардан қайтып келе жатқан балалар да бар.