Абай облысындағы Бородулиха ауданында бюджет қаражатын заңсыз пайдалану деректері анықталды. Бұл туралы Бородулиха ауданының прокуратурасы хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.
Тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар қызметкерлеріне негізсіз материалдық көмек көрсетілгені белгілі болды. Атап айтқанда, қолданыстағы талаптарды бұза отырып, үнемделген бюджет қаржысы есебінен мерейтойларға байланысты 1 млн теңгеден астам төлем жасалған.
Сонымен қатар ұжымдық шарттарда заңға қайшы нормалар енгізіліп, 247 қызметкердің еңбек құқықтары шектелген. Оның ішінде қысқа мерзімді демалыс алу, жұмыс тоқтаған кезеңде жалақыны сақтау секілді кепілдіктер толық қарастырылмаған.