Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қарызға батсам да, төлеймін»: сотта Жақсылық Омар соңғы сөзін айтты

«Қарызға батсам да, төлеймін»: сотта Жақсылық Омар соңғы сөзін айтты
Фото: facebook.com/zhaksylyk.omar

Бүгін Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты үкім жарияланады, деп хабарлайды kznews.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Жақсылық Омар ісі бойынша үшінші сот отырысы өтіп жатыр.

Бұған дейін, 31 наурызда өткен сот жарыссөздері барысында айыптаушы тарап шенеунікке тағылған баптар бойынша ең қатаң жаза – мүлкін (заңсыз жолмен алынған Toyota автокөлігін) тәркілей отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған.

Прокурор жазаның қатаң болуын айыпталушының мемлекеттік қызметкер антын бұзғанымен түсіндірді. Алайда сотта анттың түпнұсқасы ұсынылмаған.

Өз кезегінде қорғау тарапы мемлекеттік қызметкерге айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Айыппұл көлемі пара сомасынан 35 есе көп екені айтылды.

Адвокаттар жеңілдететін мән-жайлар ретінде айыпталушының бұрын сотталмағанын, бюджет қаражатын жымқырмағанын, «Құрмет» орденімен марапатталғанын, 7 баланы тәрбиелеп отырғанын (оның бесеуі кәмелетке толмаған) атап өтті.

Бүгін Жақсылық Омар соңғы сөзін айтты. Оның айтуынша, екі ай бойы тергеу изоляторында отырып, өз әрекеттері мен қателіктерін ой елегінен өткізген. Шенеунік айыппұлдың өзі де оңай болмайтынын жеткізді.

«Қарызға батсам да, оны төлеймін», – деді айыпталушы.

Еске салсақ, осы жылдың ақпан айында әлеуметтік желілерде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. ҰҚК оның ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Оған ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары (ірі мөлшердегі алаяқтық) және 366-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (ірі мөлшерде пара алу) бойынша айып тағылған.

Сотта екі эпизодтан тұратын істің мән-жайы айтылды: бірінші жағдайда Toyota Camry 75 автокөлігін алу, екіншісінде 6 млн теңге көлемінде пара алу сөз болған.

Жақсылық Омар 2025 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған. Бұған дейін ол алты жыл бойы Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі