«Қытайдан оралған қазақпын, қызыма орыс тілінің көк тиындық керегі жоқ» — қоғам белсендісі

0
913

Қазақ мектебіне ОРЫС ТІЛІН тықпалау ешбір қисынға сыймайды. Ол – құлдықтың, кіріптарлықтың белгісі!

МЕНІҢ ҚЫЗЫМ РАЙАН МҰҚИБЕККЕ ОРЫС ТІЛІНІҢ КӨК ТИЫНДЫҚ КЕРЕГІ ЖОҚ!

Оқу-ағарту министрі
А.Қ. Аймағамбетов мырзаның назарына!

Сонымен, қазақтар отыз жыл шулап жүріп қазақ мектептерінің бірінші сынып оқушыларын ОРЫС және АҒЫЛШЫН тілін оқудан зорға құтқарды.
Өте дұрыс! Бірақ, аз. Тым аз…

Қазақ мектептерінде сабақ бастауыш сыныпты бітіргенше тек бір тілде – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ оқытылуы керек!

Содан кейін барып АҒЫЛШЫН ТІЛІН енгізген жөн.

Ал, ОРЫС ТІЛІНІҢ түкке керегі жоқ! Оқу бағдарламасынан түгелімен алып тастау керек!

Мен Қытайдан оралған қазақпын. Атажұртыма келгеніме 24-жыл болды. Бір ауыз орысша білмеймін. Білуге құмартқан да жоқпын және содан зардап шеккен де емеспін. Қызым Райан, Алла қаласа, енді бір жылдан соң мектепке барады. Осыған дейін үш балабақша ауыстырып жүріп тілін зорға қазақша шығардық. Оған ОРЫС ТІЛІН оқытпаймын, көк тиындық керегі жоқ! Онсыз да аулада ойнап жүріп-ақ үйреніп алды. Қажет болып жатса, кейін өзі одан ары жетілдіріп алатынына сенімдімін. Қайта, ОРЫС ТІЛІНІҢ орнына басқа пәндерді оқығыны, АҒЫЛШЫН ТІЛІН жеттік игергені керек бізге!

Егер, ОРЫС ТІЛІНЕ кіндігі байланғандар болса, олар орыс тілді мектепке барып оқысын!

Қысқасы, қазақ мектебіне ОРЫС ТІЛІН тықпалау ешбір қисынға сыймайды. Ол – құлдықтың, кіріптарлықтың белгісі! Тіпті, Тәуелсіздігімізге күдік келтіретін жағдай бұл!!!

Қоғам белсендісі Ауыт Мұқибектің facebook парақшасынан