Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиева TikTok желісінде белсенді контент жариялай бастады, деп хабарлайды kznews.kz.
Лора – Нұралы Әлиевтің қызы. Ол – Дариға Назарбаева мен марқұм Рахат Әлиевтің немересі. Желіде жариялаған видеоларының бірінде Лора әкесі жағынан атасы Рахат Әлиев пен ағасы Айсұлтан Назарбаевты еске алып, әсерлі жазба арнаған.
Мәліметтерге сәйкес, Нұралы Әлиев пен жұбайы Аида Әлиева қазіргі таңда төрт бала тәрбиелеп отыр.
Айта кетейік, биыл қаңтар айында Нұралы Әлиев Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Давос қаласында өткен жиынға қатысқан. Сондай-ақ ол Instagram парақшасында The Spark of Light атты жаңа жобаны іске қосқанын хабарлаған.
Жоба саналы өмір салтын қалыптастыруға, ішкі үйлесімді дамытуға және менталдық денсаулыққа көңіл бөлуге бағытталған. Бұл бастама адамдарға өмірді саналы түрде құруға және заманауи өзгерістерге бейімделуге көмектесуді көздейді.
Лора Әлиеваның TikTok-тағы белсенділігі желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызып, танымал әулет өкілдеріне деген қызығушылықты арттырды.