Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда жол қозғалысы ережелеріне тағы өзгерістер енгізілді

Қазақстанда жол қозғалысы ережелеріне тағы өзгерістер енгізілді
Фотоиллюстрация: Kznews

Қазақстанда жол қозғалысын бақылауға арналған камералар мен өлшеу құралдарының рұқсат етілген қателік шектері ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ішкі істер министрлігі мен Сауда министрлігінің бірлескен бұйрығы 27 сәуірде жарияланды. Құжат 2026 жылғы 8 мамырдан бастап күшіне енеді.

Жаңа нормаларға сәйкес, көлік жылдамдығын өлшеу кезінде 20-дан 250 км/сағ аралығында рұқсат етілетін қателік ±2 км/сағ болады. Бұл талап мобильді және стационарлық жылдамдық өлшегіштерге бірдей қолданылады.

Сондай-ақ орташа жылдамдықты анықтайтын стационарлық жүйелер үшін де дәл осындай ±2 км/сағ шегі белгіленген.

Бұдан бөлек, жол ережесін бұзуды тіркейтін стационарлық аппараттық-бағдарламалық кешендерге қатысты бірқатар техникалық талаптар енгізілді. Атап айтқанда, мемлекеттік нөмірлерді тану қашықтығы 10-нан 100 метрге дейін болуы тиіс, ал рұқсат етілетін қателік ±1 метрден аспауы керек.

Жол-көлік құқық бұзушылығының орнын анықтау кезінде координаттарды белгілеу міндетті болады. Бұл ретте рұқсат етілетін ауытқу ±10 метр деп белгіленді.

Жол таңбасына қатысты бұзушылықтарды тіркеу кезінде көлік габариті мен жол сызығы арасындағы қашықтық 0-ден 5 метрге дейін өлшенеді, ал оның қателігі ±0,5 метр болуы тиіс.

Құқық бұзушылық уақыты ±2 секунд дәлдікпен тіркелуі қажет.

Мобильді кешендер арқылы нөмірді тану кезінде қателік ±1% деңгейінде белгіленді.

Сонымен қатар жаңа талаптар көліктің техникалық жағдайын тексеретін құралдарға да енгізілді. Мәселен, рульдік басқарудағы люфтты өлшеу кезінде (0–30 градус аралығында) қателік ±1 градус болады.

Ал алдыңғы әйнектердің жарық өткізгіштігін тексеру кезінде (0–70%) рұқсат етілетін ауытқу ±2% деп белгіленген.

Шиналардың протектор тереңдігін өлшеу кезінде (0–150 мм) қателік ±0,01 мм болуы тиіс.

Сондай-ақ пайдаланылған газ құрамындағы заттардың концентрациясын өлшейтін құрылғыларға да нақты нормалар бекітілді.

Бұған дейін мұндай қателік шектері көбіне құрылғылардың техникалық сипаттамаларында ғана көрсетіліп келген. Бұл кей жағдайларда әкімшілік істерді қарау кезінде түрлі түсіндірмелерге себеп болатын.

Енді жаңа талаптар күшіне енгеннен кейін белгіленген шектен асатын ауытқулар заңсыз деп танылады.

Айта кетейік, жаңа нормалар жол қозғалысын бақылау жүйесінің ашықтығын арттыруға және айыппұлдарды әділ салуға бағытталған.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.