Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Фараби» орденін тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz.
Мемлекет басшысының 2026 жылғы 20 сәуірдегі шешімімен бекітілген бұл марапат ұлттық зиялы қауым өкілдері мен ғылым жолындағы азаматтардың еңбегін ұлықтауды көздейді.
Құжатқа сәйкес, Үкіметке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға тиісті толықтырулар енгізу тапсырылды.
— Мемлекеттік марапат — «Әл-Фараби» ордені тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын, — делінген ресми құжатта.
Жаңа орденнің сыртқы келбеті мен дизайнын әзірлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне жүктелген.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.