Түркістан облысы Отырар ауданында атасы немересін зорлады деген ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты Azattyq Rýhy агенттігі Түркістан облысының полиция департаментінен ақпарат сұратқан еді.
Тергеудің мәліметіне сай, баланың анасы ұлының зорланған болуы мүмкін екенін айтып, арызданған.
«Отырар ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған ұлына қатысты болуы мүмкін құқыққа қайшы іс-әрекеттер бойынша жазған арызына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Алғашқы тергеу заңсыз әрекеттерді анықтаған жоқ. Баланың денесінен жарақаттар табылған жоқ», - деп хабарлайды полиция.
Қазір полиция істің өзге де мән-жайын анықтау үшін кешенді сараптама тағайындаған. Сараптама қорытындысы дайын болған соң, шешім қабылданады.