Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Өмірдегі үлкен сәттілік”: Екі президент кортежін қатар күтіп-шығарып салған полицейдің әрекеті елді сүйсіндірді

“Өмірдегі үлкен сәттілік”: Екі президент кортежін қатар күтіп-шығарып салған полицейдің әрекеті елді сүйсіндірді

Астана көшелерінде қызмет атқарып тұрған полиция қызметкерінің қарапайымдылығы мен өз жұмысына деген құрметі қазнет оқырмандарын сүйсіндірді. Желіде тәртіп сақшысының өміріндегі сирек кездесетін сәтті суретке түсіріп алуды өтінген оқиғасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы әлеуметтік желіде елордалық тұрғын Дархан Кененбаев жазды. Оның айтуынша, көшедегі жаяу жүргіншілер өткелін күзетіп тұрған полиция қызметкері одан өзін телефон камерасына түсіріп алуды арнайы сұраған.

«Полицей менен әртүрлі елдердің президенттерін қалай күтіп алып, әрі шығарып салып тұрғанымды видеоға түсіруді өтінді. Ол өзі күзетіп тұрған жаяу жүргіншілер өткелінде екі бірдей кортеждің қиылысуы өмірде бір-ақ рет кездесетін үлкен сәттілік екенін айтты. Міне, осындай жағдай. Мен қалайша бас тартамын?» — деп жазды оқиға куәгері өз парақшасында.

Жазбаға бекітілген кадрлардан тәртіп сақшысының жол бойында тік тұрып, кортеждерге әскери сәлем беріп тұрған сәтін көруге болады.

Желіге жүктелген бұл ерекше жазба қысқа уақыт ішінде 7 мыңнан астам лүпіл жинап, жүздеген рет бөлісілген. Желі қолданушылары полицейдің жұмысына деген адалдығын және осындай кішігірім қуаныштарды бағалай білетін көңілін жарыса мақтап жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.