Қасым-Жомарт Тоқаев: «Осыдан 35 жыл бұрын қазақ жастары Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шықты»

0

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары — Желтоқсан қаһармандары.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz сайты tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

«Осыдан 35 жыл бұрын қазақ жастары Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шықты. 1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары — Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігі біздің мемлекеттілік тарихымызға мәңгі жазылды», — делінген хабарламада.