Путин шенеуніктердің өзге тілдегі сөздерді қолдануына тыйым салды
Ресей президенті Владимир Путин ресейлік шенеуніктерге сөйлегенде немесе ресми құжаттарда шет тілдік сөздерді қолдануға тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды «Коммерсантъ».
«Ресей Федерациясының мемлекеттік тілі туралы» заңға түзетулер енгізілуде. Заң нормалары барлық меншік нысанындағы ұйымдардың ресейліктермен ресми қарым-қатынастары мен ресми хат алмасулары үшін, мемлекеттік және муниципалдық ақпараттық жүйелер, сондай-ақ тауарларды тұтынушыларға арналған ақпараттар үшін міндеттеген.
Құжатта орыс тілін шет тілімен шұбарлата сөйлеуден қорғау керектігі айтылған. Тек орыс тілінде баламасы жоқ сөздерді ғана қолдануға рұқсат етілген.
Баламасы жоқ шетел сөздерінің тізімі арнайы сөздіктер мен анықтамалықтарда жарияланады. Оларды орыс тілі жөніндегі комиссияның ұсыныстары негізінде үкімет бекітеді.