Біліксіз ұстаз бен білімсіз оқушы: түркістандық түлектер ұлттық сынақтан қалай сүрінді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Жарық пен газ өшті" – Жамбыл облысында секундына 30 метрге дейін жететін дауыл болды

"Жарық пен газ өшті" – Жамбыл облысында секундына 30 метрге дейін жететін дауыл болды
Фото: GOV.KZ

Жамбыл облысына қарасты Т. Рысқұлов ауданында 2026 жылғы 21 ақпанда таңғы 4:00-ден бастап екпіні секундына 30 метрге дейін жететін дауыл болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Салдарынан 7 елді мекендегі 25 нысанның шатыры бүлінді. Оның ішінде 8 әлеуметтік нысан бар. Сондай-ақ 13 елді мекенде электр жарығы сөнді, 3 елді мекенде газ өшті.

Қазіргі таңда электр жарығы мен газды қалпына келтіруге 9 бригада жұмылдырылды. Зардап шеккен тұрғындар жоқ. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.

Қазіргі таңда нысандарды зерделеу жұмыстары жалғасуда. Коммуналдық желілер штаттық режимде жұмыс істеуде.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров жолға шықты.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.