183,6 млрд $: Қазақстанның сыртқы қарызы "қызыл сызыққа" жақындап келе ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Таразға шұғыл аттанды: Фариза Алмазқызы қаралы хабар айтты

Таразға шұғыл аттанды: Фариза Алмазқызы қаралы хабар айтты
Фото: instagram.com/fariza.almazovna

Жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жары Фариза Алмазқызы отбасын ауыр қазаға душар еткен қаралы хабарды жеткізді. Айтуынша, түн ішінде аяқ астынан суық хабар естіп, шұғыл түрде Таразға жолға шыққан, деп хабарлайды kznews.kz.

Фариза әлеуметтік желідегі парақшасында марқұмның өз әкесінің туған ағасы екенін жазды.

"Аяқ астынан түнде суық хабар келіп, Таразға келіп қалдық... Әкемнің туған ағасы өмірден озды. Жаны жәннатта болсын!", — деді Фариза Алмазқызы.

Сондай-ақ ол сапарға ұлдарын да бірге ертіп шыққанын атап өтті.

"Балалар қасымда", — деп қысқа қайырды ол.

Еске салсақ, Нұрсұлтан Жақсыген мен Фариза Алмазқызы отбасын құрып, екі балалы болғаннан кейін ажырасып кеткен. Соған қарамастан, екеуінің арасындағы кикілжің әлеуметтік желіде әлі де анда-санда бой көрсетіп қалады.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер