7 трлн теңгенің жыры: Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақ елінің анасысыз!»: Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына құрмет көрсетті

«Қазақ елінің анасысыз!»: Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына құрмет көрсетті
Әнші Қайрат Нұртас Денис Теннің анасы Оксана Тенмен кездесу сәті / Коллаж: ozgeris.info

Танымал әнші Қайрат Нұртас Олимпиада жүлдегері, марқұм Денис Теннің анасы Оксана Тенге арнайы барып, гүл шоғын табыстап, хал-жағдайын сұрады. Ол Денистің ел спортына сіңірген еңбегін атап өтіп, анасына жүрекжарды алғысын айтты. Кездесудің видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшілік әншінің ізетті қадамын жоғары бағалады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ozgeris.info сайтының мәліметінше, өнер иесі Оксана Тенге құр қол бармай, сый-құрмет көрсеткен. Кездесу барысында Қайрат Денис Теннің жетістіктері талай жас спортшыларға жол ашқанын айтып, ана жүрегіне демеу болар жылы сөзін арнады.

"Кешегі жеңістердің барлығы алдымен Денистен бастау алды ғой. Денистей ұлды туған сізге мың алғыс. Бүкіл қазақ елінің анасысыз. Сізді жақсы көремін, Аман болыңыз. Сізге көп-көп рақмет", - деді Қайрат.

Оксана Тен әншінің бұл ізеттілігіне алғыс білдіріп, марқұм ұлы Денис Тен көзі тірісінде Қайратты қатты жақсы көргенін және оның шығармашылығын жоғары бағалағанын айтты. Сондай-ақ ол өнер иесін өз шәкірттерімен таныстырып, қолдау сұрады.

Қайрат Нұртас өз кезегінде қолдан келген көмегін аямайтынын айтып, адамдық парыздың да, азаматтық ниеттің де жөні бөлек екенін аңғартты. Желі қолданушылары да бұл әрекетті «нағыз құрмет», «адамгершіліктің үлгісі» деп бағалап, жылы пікірлерін жазуда.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер