Мені Назарбаевтың ең кіші күйеу баласы түрмеге отырғызды – Жақсыбек Құлекеев
Бұл туралы Жақсыбек Құлекеев Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.
Қазақстанның бұрынғы Экономика, Білім және ғылым министрі болған, «ҚТЖ», «ҚазМұнайГаз» сияқты ірі ұлттық компанияларда басшылық қызмет атқарған Жақсыбек Құлекеев соңғы уақытта көпшілік көзіне жиі түсіп жүр.
2008 жылдың 1 сәуірінде тұтқындалып, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімі бойынша «қызметін асыра пайдаланды» деген айыппен сотталған.
– Сізді 2008 жылдың 13 қарашасында соттады. Бұл біреудің тапсырыс болды ма?, – деген сұрақ қойды Нартай Аралбайұлы.
– Маған қарсы қызмет істеген, соның бәрін ұйымдастырған Назарбаевтың ең кіші күйеу баласы болды. Сол кезде ол маған қарсы жұмыс істеген, – деді Құлекеев.