Қазақстанның 71% мұғалімі өз жалақысына көңілі толады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақ қыздарын қорлаған ресейлік блогер кешірім сұрады

Қазақ қыздарын қорлаған ресейлік блогер кешірім сұрады
Фото: Видеодан скрин

Қазақстандағы қазақ қыздарын қорлағаны үшін 15 тәулікке қамалған ресейлік стример Анар Абдуллаев видеоүндеу жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Анар Абдуллаев үйге оралғаннан кейін өзінің Telegram-каналында қазақ халқынан кешірім сұрап, видеоүндеу жариялады. Ол болған жағдайға әлі күнге дейін сене алмайтынын жеткізді. Стример Ренатпен бірге қиын кезеңдерден өткенін айтып, өздеріне лайықты жаза берілгенін мойындады.

Стример біреуді ренжіту немесе қолайсыз жағдай туғызу ойында болмағанын атап өтті. Ол қазақ халқынан кешірім сұрап, өзін қолдаған жандарға алғыс білдірді.

“Барлық қазақ халқынан тағы да кешірім сұраймын, жағдай осылай насырға шапқанына өкінемін. Біреуді ренжіту немесе қапаландыру ниетім болған жоқ. Мен достықты жақсы көретін адаммын. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін бәріңізге көп рахмет. Мен үйдемін, оралдым”, – деді ол.

Еске салсақ, ақпан айының басында Алматыда “STAYA” тобының екі мүшесі – Анар Абдуллаев және Ренат Пашаев 15 тәулікке қамауға алынған еді. Тікелей эфир кезінде олар Қазақстаннан келген көрермендермен дауласқан. Қақтығыстың себебі – стрим кезінде қазақ қыздарына айтылған қорлау сөздер.

Кейін Әзербайжан тарапынан өкілдері болған оқиғаға өкініш білдіріп, стримерлердің айтқандары үшін кешірім сұрады және Қазақстанға деген құрметінің ерекше екенін атап өтті.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.