Қазақстанның 71% мұғалімі өз жалақысына көңілі толады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Трамп Ирандағы соғыс қанша уақытқа созылатынын және елді басқаратын көшбасшылар туралы айтты

Трамп Ирандағы соғыс қанша уақытқа созылатынын және елді басқаратын көшбасшылар туралы айтты
Фото: Ақ үй

Ақ үй басшысы Дональд Трамп Иранның жаңа жетекшісі болуға үш үміткер бар екенін мәлімдеп, бірақ «алдымен жұмысты аяқтау керек» деп, олардың есімдерін атаудан бас тартты, деп хабарлайды kznews.kz The New York Times-ке сілтеме жасап

Дональд Трамп сондай-ақ Иранның әскери басшылығы жойылғанын, ал кейбір өкілдері АҚШ-тан иммунитет сұрап жатқанын айтты. Ол барлық операциялық мақсаттар орындалғанға дейін шабуылдар жалғасатынын ескертіп, елдегі қарулы күштерді қаруларын тастауға шақырды. Әйтпесе, олар жойылатынын айтып қоқан-лоққы жасады.

Кейін Вашингтон Ирандағы билік ауысуын қалай елестететіні туралы сұраққа жауап бере отырып, ол Венесуэла сценарийін мысалға келтіріп, оны «мінсіз нұсқа» деп атады.

АҚШ президенті сондай-ақ жаңа басшылық өзін прагматикалық серіктес ретінде көрсетсе, Иранға қарсы санкцияларды алып тастауға дайын екенін мәлімдеді. Алайда Иран халқын қорғау мәселесіне қатысты сұраққа жауап бермеді.

Бұдан бөлек, ол қақтығыстың белсенді кезеңі бастапқыда «төрт апталық үдеріс» ретінде жоспарланғанын және бір айдың ішінде немесе одан да ертерек аяқталуы мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша, АҚШ-тың бүкіл әлем бойынша орналастырылған жеткілікті оқ-дәрісі бар, сондықтан шабуылды жалғастыру қиындық туғызбайды.

Сонымен қатар, Израиль қарушы күштері Иранның жоғары басшылығын жою операциясы аяқталғанын хабарлады. Ресми сайтта 15 ирандық шенеуніктің тізімі жарияланған, олардың қатарында Иран Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысы Аятолла Сейед Әли Хаменеи және Таяу Шығыстағы ираншыл топтардың жетекшілері бар.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі