Қазақстанның 71% мұғалімі өз жалақысына көңілі толады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Трамп Иран басшылығына келуі мүмкін үш үміткер туралы айтты

Трамп Иран басшылығына келуі мүмкін үш үміткер туралы айтты
Фото: AP Photo/Carolyn Kaster

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшысы лауазымына үш үміткер барын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

“Менде үш жақсы үміткер бар”, – деді Трамп The New York Times газетіне берген сұхбатында. Алайда үміткерлердің атын атамады.

Ирандағы билік ауысатыны туралы сөз еткен Трамп АҚШ-тың Венесуэла басшысы Николас Мадуроны басып алғанын мінсіз сценарий деп бағалады.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығы, оның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болды. Оның резиденциясы қиратылды.

Хаменеи қазасынан кейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ әскери базаларына қарсы “тарихтағы ең қуатты шабуыл операциясын” бастайтынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Дональд Трамп тарапынан қатаң ескертулер айтылды.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Али Хаменеи қаза тапқан соң уақытша басшылық кеңес құрылғанын хабарлады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.