Аша Матай Дубайда жалғыз өзі демалуда
Отандық шоу-бизнес жұлдызы Аша Матай өнердегі әріптестерінен қалыспай, шетелде демалып қайтуды шешкен. Өнер иесінің таңдауы Біріккен Араб Әмірліктеріне түскен. Ол бұл демалысқа қос қызын алып барған. Алайда, қасында жолдасы Арман Қоңыр көрінбейді деп жазады KZNEWS.KZ. Аша Матай Дубайға аттанғаны туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Тележүргізуші күнделікті фото және видеолармен бөлісіп, оқырмандарына демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетуде.
Шоу-бизнес жұлдызы түрлі мемлекеттерді аралап жүргенімен, өз еліңе ештеңе жетпейтінін айтты. «Қайырлы кеш! Әр түрлі елді, жерді көріп тамсанасың.. Бірақ өзіңнің еліңді ерекше ыстық көресің, сағынасың», — деп жазды Аша Матай.
Желі қолданушылары актрисаға жақсы демалыс тілеп, елге аман-есен оралуын жазды. Оған қоса, кейбір оқырмандар Аша Матайдың демалыста жолдасынсыз жүргенін аңғарып, оны сұрақтың астына алған. Олар Арман Қоңыр жайлы сауалдарды жаудырды. «Арман қайда», «Неге жолдасыңыз сіздермен бармаған», «Арманмен тағы да арақатынас нашарлап кетті ме», «Неге видеолардың барлығында мұңды болып жүрсыз», «Күйеуі қайда», — деп жазуда көпшілік.