Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова әлеуметтік желіде ерекше челлендж жариялады. Ол күйеуі Тұрсын Алагөзовтың биін дәл қайталаған адамға 500 мың теңге беруге дайын екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Барлығы TikTok-та тараған видеодан басталған. Онда Тұрсын Алагөзов еркін әрі көңілді биімен көпшіліктің назарын аударып, ролик қысқа уақыт ішінде 2,4 миллион қаралым жинаған. Желі қолданушылары бұл видеоны қызу талқылап, түрлі пікір қалдырды.
Осыдан кейін Баян Алагөзова да челленджге қосылып, Instagram парақшасында «Осы биді айнытпай қайтала» атты байқау басталғанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл биді дәл көшіру оңай емес, бірақ кімде-кім орындай алса, қомақты сыйақы беріледі.
Қатысушылар видеоларын TikTok-қа «Алагөзов айнытпай» хештегімен жүктеуі тиіс.
Айта кетейік, бұған дейін Баян мен Тұрсын Алагөзовтар жаңа үйлерін көрсетіп, желіде қызу талқыға түскен еді.