Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ешкімге ұнауға міндетті емеспін: Тәнін жалаңаштап масқара болған блогер

Ешкімге ұнауға міндетті емеспін: Тәнін жалаңаштап масқара болған блогер
Блогердің парақшасынан

Танымал блогер Керім Найманбаева әлеуметтік желіде өзіне қатысты пікірлерге жауап беріп, жеке өмірі мен көзқарастары жайлы ашық жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол соңғы уақытта өзін түрлі «психологтар» мен «сарапшылар» талқылап кеткенін айтып, бұл тақырыпты біржола жабуды жөн көргенін жеткізді.

«Туған күнімнен кейін көптеген психологтар мен сарапшылар мені және менің “психологиямды” белсенді түрде талқылай бастағанын байқадым. Бұл тақырыпты біржола жапқым келеді. Менде бәрі жақсы. Мен толықтай сау адаммын әрі менталды, әрі психикалық тұрғыда. Аллаға шүкір!» - деді ол.

Блогер тұрмысқа шығу шешімі мен өмірлік ұстанымдарының уақыт өте өзгергенін де жасырмады. Оның айтуынша, қазіргі таңда әйел адамның өз бетімен табыс таба алуы маңызды.

«Мен күйеуімді махаббатпен таңдадым. Иә, жасырмаймын, мен үшін оның жағдайы да маңызды болды. Бірақ бүгінде көзқарасым өзгерді. Менің ойымша, әйел адам денсаулығы, ақылы және ниеті болса, өзі ақша таба алуы керек. Ер адамның ақшасын күтіп отыру дұрыс емес. Ана болу мені қатты өзгертті. Өмірге тереңірек қарай бастадым. Меніңше, барлық адам тең. Әркім өз қалауынша өмір сүруге құқылы: жұмыс істеуге, дамуға, табыс табуға, өз жолын таңдауға», - дейді блогер.

Сондай-ақ ол қоғам тарапынан айтылатын сынға қатысты пікір білдіріп, әр адамның болмысы әртүрлі болатынын атап өтті.

«Неге мені назарды жақсы көргенім үшін айыптайсыздар? Мен ешкімнің назарын тартып алып жатқан жоқпын. Егер біреуге ұнасам – бұл маған жағымды. Ұнамасам – ол да қалыпты жағдай. Мен бәріне ұнауға міндетті емеспін. Менен үнемі “балалық травма” іздеудің қажеті жоқ. Кейбір адамдар сондай болып туады: сахнаны, назарды, эмоцияны, ойынды жақсы көреді, әртүрлі болуды ұнатады. Бұл – травма емес. Бұл – табиғат», - деп қорытындылады блогер. 

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.