Танымал әнші Димаш Құдайбергенге жиі қойылатын «қашан үйленесіз?» деген сұраққа ол өз жауабын берді, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі Қазақстанға келген сайын әуежайдағы паспорттық бақылаудан бастап осы сауал үнемі қайталанатынын жасырмады.
Оның айтуынша, әрбір істің өз мезгілі бар, сондықтан бұл мәселеде асығыстық танытуды дұрыс деп санамайды.
«Ең бастысы – таңдауыма өте жауапкершілікпен қарауым керек. Қатты сезімге беріліп, қыз баласының тағдырымен ойнаудан қорқамын. Қыздарымыздың қадірін жоғары бағалаймын, сондықтан бұл тақырыпқа басқаша қараймын», – деді Димаш Құдайберген.
Сондай-ақ ол болашақта үйленген соң өмірлік жарымен бірге қартайып, сол ортақ бақыттың қадірін білуді қалайтынын айтты.