Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Атырауда сотталған педофилдің жаназасы мешітте шығарылған

Атырауда сотталған педофилдің жаназасы мешітте шығарылған
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысында ауыр қылмыс үшін сотталған азаматтың жаназасының орталық мешітте шығарылуы қоғамда резонанс тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша 25 жылға сотталған Дабыл Жәрдемұлы Өтегенов наурыз айының соңында тергеу изоляторында көз жұмған. Ол бес және сегіз жастағы өгей қыздарын зорлады деп айыпталған.

Мәліметтерге қарағанда, марқұмның жаназасы Атырау қаласындағы «Иманғали» орталық мешітінде шығарылған. Жаназа рәсімін мешіттің наиб имамы Сарсекеев Ажок Саясатұлы жүргізгені айтылып отыр.

Осы жағдайға қатысты қоғам белсендісі Ораз Әлімбек пікір білдіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сауал жолдады.

«ҚМДБ, шариғат бойынша педофилге жаназа шығаруға бола ма? Бас мүфти бұл мәселеге неге үн қатпай отыр?» деді ол.

Сондай-ақ желіде марқұмның жаназасына және асына жүздеген адам қатысқаны айтылып, бұл жайт қоғам наразылығын күшейткен.

Әлеуметтік желілерде тараған тағы бір пікірде мешіттегі іс-шаралар басшылықтың рұқсатынсыз өтпейтіні айтылған.

«Орталық мешітте мұндай рәсімдер бас имамның келісімінсіз ұйымдастырылмайды. Сондықтан бұл жағдайға қатысты нақты түсініктеме берілуі тиіс», деп жазды желі қолданушылары.

Қоғам белсенділері ҚМДБ-дан ресми жауап күтуде. Олар шариғат талаптарына сәйкес мұндай жағдайда жаназа шығару тәртібін түсіндіруді сұрап отыр.

Әзірге аталған мәселеге қатысты ҚМДБ тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.