Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Нұрлан Сабуровтың Молдавада да жағдайы қиындай түсті

Нұрлан Сабуровтың Молдавада да жағдайы қиындай түсті
Фото: Forbes

Танымал қазақстандық комик Нұрлан Сабуровтың шетелдегі өнер көрсету мүмкіндіктері біртіндеп қысқарып барады. Ресейден депортацияланып, Қытайдағы концерттері өтпей қалған әзілкешке енді Молдова да шектеу қойды, деп хабарлайды kznews.kz.

Молдова Мәдениет министрлігі Диана Арбенина, Нұрлан Сабуров және Олег Винниктің қатысуымен өтетін іс-шараларды орынсыз деп санайтынын ресми түрде мәлімдеді. Осыған байланысты ұйымдастырушыларға аталған әртістермен жасалған келісімшарттарды бұзу ұсынылған.

Айта кетейік, Сабуровқа қатысты мәселелер тек шетелде ғана емес, Қазақстанда да талқыланып жатыр. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның Украинадағы соғысқа байланысты қаржылық әрекеттерге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен тексеру жүргізіп жатқаны хабарланған еді.

Бұл жағдайлар комиктің халықаралық деңгейдегі мансабына әсер етіп, гастрольдік жоспарларының өзгеруіне әкеліп отыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.