Домой Жаңалықтар АҚШ-та Горбачевті президент ретінде таныстырды

АҚШ-та Горбачевті президент ретінде таныстырды

0
25
qazaq1913.com

The hill американдық басылымы егер Михаил Горбачев “АҚШ президенті болса не өзгерер еді?” деген тақырыпта материал жариялады. 

КСРО-ның жалғыз президенті Михаил Горбачев 92 жаста ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. 1990 жылы ол Кеңес Одағы мен Батыс елдері арасындағы бейбітшілік процесіне қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығын иеленген еді.

The Hill мақаласының авторы Харлан Ульман былай деп жазды.

“Горбачев Америкада жалдамалы фермерлердің кедей отбасында дүниеге келер еді. Жастайынан зерек болып өсіп, беделді университет пен заң академиясын бітіріп, кейін Вашингтондағы заң фирмасында жұмыс істейді. Содан кейін ол мемлекеттік қызметке араласып, туған қаласына оралады. Бұл жағдайда АҚШ-тың Республикалық партиясы штаттың ірі қалаларының бірінде оған мэр болуды ұсынады. Әрі қарай Горбачев губернатор болып сайланады, ал біраз уақыттан кейін ұлттық губернаторлар қауымдастығының басшысы болады. Бұл Горбачевтің басшылығымен мемлекет жыл сайын өркендеп, жақсара бастайды. Осыдан кейін Горбачев АҚШ вице-президенті лауазымына ие болды. Бірақ кенеттен Горбачевпен бірге сайланған Мемлекет басшысы қайтыс болып, сондықтан ол Американың көшбасшысы атанар еді.

Жаңа лауазымда Горбачев екі жақты тәсілді таңдаған болар еді: ол атқарушы билікті қайта құруға және бірқатар маңызды мәселелер бойынша ұлттық референдум өткізеді. Мұндай шаралар елдегі қиын жағдайдан сақтап қалуы мүмкін еді»-делінген мақалада.

 

Фото: qazaq1913.com