Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Сауранбаевты Көлік министрі лауазымынан босатты. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында.
Нұрлан Сауранбаев 2025 жылғы 30 маусымда Қазақстанның Көлік министрі болып тағайындалған. Ал 2026 жылғы 3 қыркүйекте Үкімет құрамы жаңарған кезде осы қызметке қайта тағайындалды.
Ол Көлік министрлігін бір жылдан астам уақыт басқарды.