Тараздағы таразы: Қарашөкеев қант зауытын жаңғыртуға бюджет қаржысын жұмсады ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Өлген адамды сөйлетпеңіздер”: Діни басқарма ЖИ-ға байланысты ескерту жасады

“Өлген адамды сөйлетпеңіздер”: Діни басқарма ЖИ-ға байланысты ескерту жасады
Фото: aikyn.kz

ҚМДБ мамандарының айтуынша, марқұмның бейнесін сағынышпен еске алу немесе жақындарының көңілін жұбату мақсатында жандандыруға рұқсат. Алайда оның атынан айтпаған сөздерін сөйлетуге, жалған ақпарат таратуға және бейнесін жарнама үшін пайдалануға болмайды.

Жасанды интеллект көмегімен қайтыс болған адамдардың суретін жандандырып, сөйлету әлеуметтік желіде кең тарала бастады. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай әрекеттерге қатысты діни түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.

ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы мұндай әрекет марқұмның туыстарының келісімімен жасалып, алдау мен мазаққа ұласпауы керектігін атап өтті. Сондай-ақ адамның атын пайдаланып, әлеуметтік желіде танымалдық жинауға болмайтынын айтты.

Маманның сөзінше, марқұмдарды жиі сөйлетіп, бейнесін жандандыру психологиялық тұрғыдан да кері әсер етуі мүмкін.

Қоғам белсенділері де жасанды интеллектіні қолданғанда әдеп пен адамгершілік қағидаларын сақтау қажет деп есептейді. Олардың пікірінше, тарихи тұлғаларға әдепсіз сөздер айтқызуға немесе қайғылы жағдайда қаза тапқандардың бейнесін пайдаланып ақша жинауға жол бермеу керек.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.