Тараздағы таразы: Қарашөкеев қант зауытын жаңғыртуға бюджет қаржысын жұмсады ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Көлік министрі қызметіне тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрынғы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2010 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Кембридж университетінде компьютерлік ғылымдар саласында білім алған. 2014 жылы осы университеттің магистратурасын тәмамдаған. Сондай-ақ Мәскеу мемлекеттік университетінде «Executive Management» бағдарламасы бойынша оқыған.

Еңбек жолы

Әсел Жанасованың еңбек жолы ақпараттық технологиялар және мемлекеттік басқару салаларымен байланысты.

2010–2014 жылдары Лондон қаласындағы халықаралық компанияда ақпараттық технологиялар жөніндегі маман, ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері және киберқауіпсіздік департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2014–2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары болған.

2016–2017 жылдары «Зерде» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2017–2018 жылдары «Астана» халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі, ал 2018–2020 жылдары осы орталықтың цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры болды.

2020–2022 жылдары Сауда және интеграция министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2022–2025 жылдары «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болды.

2025 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Ал 2025 жылғы 10 желтоқсанда Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне кірісті.

Марапаттары мен халықаралық жетістіктері

Әсел Жанасова 2021 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен, 2025 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

Сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның (WEF) 2025 жылғы Young Global Leader қауымдастығына және Global Women Asia Fellow 2024 халықаралық көшбасшылық бағдарламасына қатысқан.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі