6 шілдеде отшашудың болмауы Назарбаевтың есімімен байланысты ма – әкім жауабы

0

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Елорда күні мерекесіне орай отшашудың ұйымдастырылмауына орай түсінік берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде журналистер Елорда күніне арналған отшашуды өткізбеу шешімі осы датада туған күнін атап өтетін Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен қаншалықты байланысты екенін сұрады.

«Біз биыл ешқандай отшашу ұйымдастыруды жоспарлаған жоқпыз. Сондықтан ол сіз фамилиясын айтып отырған адаммен (Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) ешқандай байланысты емес. Қала жұртшылығы да отшашуды өткізуді сұраған жоқ. Сондықтан ол болмайды», — деп жауап қатты Жеңіс Қасымбек.