Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Өзбекстандағы жаңа елшісін тағайындады, деп хабарлайды kznews.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Президенттің тағы бір Жарлығымен Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметінен босатылды.
Ералы Тоғжановтың өмірбаяны
Ералы Тоғжанов 1963 жылғы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі – заңгер.
Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысындағы Октябрь орман шаруашылығында жұмысшы болып бастаған.
1988-2001 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, Ғылым академиясының Мемлекет және құқық институтының директоры, факультет деканы және Қазақ мемлекеттік заң университеті филиалының директоры қызметтерін атқарды.
2001-2006 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.
2006–2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Дін істері комитетін басқарды.
2008–2017 жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі және Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2017–2019 жылдары Маңғыстау облысының әкімі болды.
2019–2020 жылдары Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы қызметін атқарды.
2020 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылғы 18 қаңтарда Президент Жарлығымен осы қызметке қайта тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда мемлекет басшысының Жарлығымен премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағы да тағайындалды.
2022 жылғы 31 тамыздан 2023 жылғы қыркүйекке дейін Ақтөбе облысының әкімі болды.
2024 жылғы мамырдан бастап премьер-министр Олжас Бектеновтің кеңесшісі қызметін атқарды.