Домой Басты тақырып Әскерден есі ауысып оралған сарбаздың досы барлық шындықты айтты

Әскерден есі ауысып оралған сарбаздың досы барлық шындықты айтты

0
29112

Отан алдындағы борышын атқаруға сап-сау кетіп, ауру болып оралған Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғыны Ренат Жеткергеновке қатысты тың ақпараттар пайда болды, деп хабарлайды kznews.kz сайты stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сарбаздың досы болған жағдай туралы толыққанды айтып берді. Қазір осы оқиға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Қорғаныс министрлігі әскерде 19 жастағы ұлына зорлық-зомбылық жасалды деген сарбаздың жақындарының шағымымен келіспейді.

Ренаттың әскерде бірге болған қарулас достарының бірі елге қайтатыннан бір апта бұрын, сарбаз командирлермен сөзге келіп қалғанын айтты. Сол күннен бастап досын көрмеген, тек қайтатын кезде ғана бірақ көріпті.

«Сөзге келіп қалған күннен бастап Ренатты алып кетті бөлімінің сыртындағы казармаға. Содан бастап Ренатты бір апта көрмедік. Пойызда көрген кезде Ренат басқа жағдайда болды. Баяғы бір жыл қызмет кеткен Ренат жоқ. Басқа түр, танымай қалдық Ренатты», – дейді Ринаттың досы Бекарыс Таңатаров.

Туыстары болса, сарбазды әскери шенділер 8 күн бойы қинаған деп отыр. Оны Ренатта бір сөзінде айтып қалды, дейді. Құлағын тесіп, әйел етіп аламыз деген көрінеді. Осы жағдайдан соң оның ата-анасы тиіс орындарға шағым түсірген.

«Қылмыстық іс аясында тиісті сараптамалар жүргізіліп Ренат Женткергеновтың туыстарының барлық тұжырымдары мұқият тексеріледі. Сондай-ақ тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да тергеу іс-шаралары жүргізілетін болады», – дейді ҚР ҚК әскери полиция басқармасының басшысының орынбасары Бекен Шынтілеуов.

Бұған дейін де Ақтаудағы 25/744 әскери бөлімінде бірнеше рет шу шыққан. Арасында Ренат сияқты есінен айырылғандары да бар.