«Жүріп жүрген жігітімнің көзін құртып жіберді»: Мақпал Жүнісова марқұм жары Нұрқаділов жайлы сыр шертті

0

Қазақ ән өнерінің майталманы саналатын Мақпал Жүнісова марқұм жары Заманбек Нұрқаділовті еске алып, оның өзіне деген ыстық ықыласы туралы баяндап берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты kaz.nur.kz порталына сілтеме жасап.

Жүнісованың айтуынша, ел ағасы оны екі жыл бойы бақылап жүрген.

«Жастау кезімізде ерке болдық, тотай болдық, халық жүрген жерімізде аяғымызды жерге тигізбейтін. Одан кейін Зәкеңдей нар тұлға кездесті. Ол кісі тіптен еркелетті мені. «Жануля» деп атымды атамай, жаяу жүргізбейтін. Мен тұрғанда көлікті қайтесің? дейтін.

Неге сонша қызғанасыз құрсын дегенде, махаббат болғасын қызғанам. Махаббат болмаса, мен сені қызғанбас едім дейтін.

Зәкең де мені бірден ала қойған жоқ. Ол кісі екі жылдай мені бақылауда ұстады. Жүріп жүрген жігітімнің көзін құртып жіберді.

Телефон жоқ ол кезде. Үйден шықсам болды, бір Нива тұратын. Ішінен Володя деген орыс шығатын. Зәкеңнің Нивалары екен. Қашып, ұрсып жүрем. Сонда да артымнан қалмады. Ол кісі мені зерттеген, ел ағасы, анау-мынау жігіт емес. Талай рет мені делегацияға қонаққа шақырды. Сол жерде ән айтып берем. Ол кісіге «кет-ей» деп айта алмайсың. Үлкен кісі. Бірақ біз жақтан «Қойыңыз, аға, ұят болады, отбасыңыз бар» деген сөздер де болды», — деді Мақпал Жүнісова.

Бірақ Зәкең «Мен саған ғашықпын, болды. Ешқайда бармайсың. Маған ғана тұрмысқа шығасың, болды» деді. Ағаңды тыңдадық.