Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дәрігерлер қансырап жатқан зейнеткерді қар басқан жолмен көтеріп апарды

Дәрігерлер қансырап жатқан зейнеткерді қар басқан жолмен көтеріп апарды
Фото: depositphotos.com

Ресейдің Воркута қаласында жедел жәрдем дәрігерлері қансырап жатқан егде жастағы әйелді көтеріп, алып жүруге мәжбүр болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Зейнеткер әйелдің қан қысымы күрт көтеріліп, аузынан қан кеткен. Отбасы жедел жәрдем шақырғанымен, келген дәрігерлер үйге көлікпен жете алмаған. Сол себепті олар әйелді қолмен көтеріп, тасуға мәжбүр болған.

Бейнежазбада ер адамдардың әйелді қар басқан жолмен көтеріп бара жатқаны көрінеді, ал жанында медицина қызметкерлері бірге еріп жүрген. Зейнеткердің ұлының айтуынша, науқасты көлікке жеткізуге кеткен уақыттың ұзақтығынан әйелдің жағдайы нашарлап кеткен. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты.

Оқиғадан кейін зардап шеккен әйелдің ұлы Воркута қаласының әкімдігіне жүгінген. Әкімдік өкілдері жолды тазалайтынын айтқанымен, әзірге арнайы техника келмегені белгілі болды.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер