Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Мектеп бітіру кешіне әр баладан 200 мың теңгеден…”: Көпбалалы ана Президентке үндеу жолдады

“Мектеп бітіру кешіне әр баладан 200 мың теңгеден…”: Көпбалалы ана Президентке үндеу жолдады
Фото: ашық дереккөз

Алматы тұрғыны, көпбалалы ана мектеп бітіру кешіне жиналып жатқан қомақты қаражатқа қатысты Президентке видеоүндеу жасады. Оның айтуынша, қаладағы мектептердің бірінде әр оқушыдан 200 мың теңгеден, тіпті одан да көп ақша талап етілуде, деп хабарлайды kznews.kz.

Ата-ананың сөзінше, мұндай сома көпшілік үшін ауыр, әрі жиналған қаржының бір бөлігі балаларға аса қажет емес шығындарға жұмсалуы мүмкін. Ол өзін 30 жылдық тәжірибесі бар қаржыгер ретінде таныстырып, бітіру кешін өткізуге балама, үнемді нұсқа ұсынғанын, алайда мектеп әкімшілігі оны қарастырмағанын айтты.

Сонымен қатар, бұл мәселенің жыл сайын қайталанатынын жеткізген ана, ата-аналар тарапынан қарсылық білдірілгенде «балаңызды ойлаңыз» деген жауап алатынын атап өтті. Оның пікірінше, мектептерде ақша жинау ашық әрі әділ жүргізілуі тиіс, ал ата-аналарға қысым жасалмауы керек.

Ата-ана білім басқармасының «мектептің қатысы жоқ» деген уәжіне де күмән келтіріп, қаражаттың дәл мектеп ішінде және сынып чаттарында жиналатынын алға тартты.

Сөз соңында ол Президенттен бұл мәселеге назар аударып, қала мектептерінде тәртіп орнатуға ықпал етуді сұрады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.