Өзбек билігі не дейді?

0

Өзбекстан билігі Қарақалпақстандағы наразылыққа басында ресми мәлімдеме таратпады. Бірнеше сағат өткен соң Өзбекстан ішкі істер министрлігі Нүкістегі «демонстрация аяқталды, қоғамдық тәртіп орнады» деді.

«Конституциялық реформаны дұрыс түсіндірмегендіктен Қарақалпақстан астанасы Нүкісте түскі үш шамасында митинг басталды. Қоғамдық тәртіп бұзылмас үшін, Дехкан базарының аумағында тәртіпті сақтау үшін құқық қорғау органдарының күштері жұмылдырылды. Полиция наразылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр» деп жазылған органның мәлімдемесінде.

Өзбекстан ІІМ ұсталған адамдар жайлы ештеңе айтпады.

Норвегияның Хельсинки комитеті (NHC) Twitter желісінде мәлімдеме жасап, Өзбекстан билігінің Нүкістегі халықтың бейбіт жиналуы құқығын сыйлауға шақырды.