Халықтан тек “ақша істеуді” білетін Үкімет отставкіге кетсін! — Заңгер
Мамин үкіметін сынаған заңгер Айгүл Орынбек үкіметтің отставкасын талап етті.
«Халықтан тек “ақша істеуді” білетін Үкімет отставкіге кетсін!
Мамин басқарған үкімет халықты аздырып бітті!
Халықтың жағдайын жасаудың орнына, енді шұрық тесік жолдарды ақылы қылғаны шектен шығу!
Пандемия уақында онсызда көп кәсіп тоқтап, халық шиқылдап азық түлігін әрең алып отырғанын бұл үкімет көрмей отыр ма?
Жол ақылы болса, сол жолмен келетін азық түліктің қымбаттайтынын біле ме екен бұл соқыр үкімет?
Жәй ғана бір келі кәртоптың бағасы 350 теңгеге бір ақ шықты. Пісте майға 500 теңге бірақ қосылды. Халық “азық -түлік қымбаттады “,деп шулап жатыр. Осының бәрін естімей отыр ма бұл керең үкімет?
Пандемия өршіп тұрғанда дәрі таппай қырылған халықты, енді азық-түлікті қымбаттатып қырайын дедіңдер ме?
Халықтан тек ақша жасауды білесіңдер, халықтың жағдайын жасауды қашан үйренесіңдер?
Жолды ақылы қылмас бұрын, шұрық тесік жолдарыңды жамап алыңдар!
Құрақ көрпе сияқты жамау-жамау жолдарыңды тегістеп төсеп алыңдар!
Ұзын сөздің қысқасы Мамин бастаған үкімет тараңдаршы халықты қанай бермей!» дейді заңгер.